21.05.2019, 10:46

Досымжан Таңатаров жаңа әскери шен алды

Белгілі әнші Досымжан Таңатаров жаңа әскери шен алды.

Белгілі әнші Досымжан Таңатаров жаңа әскери шен алды. Бұл туралы сахнадағы әріптесі Құрмаш Махан Instagram-парақшасында хабарлады. 

«@dossymzhan_tanatarov бауырым жаңа қызметің мен иығыңдағы әскери жұлдызың құтты болсын. Алла абыройыңды көтерсін!!!», -деп жазды ол. 

Еске сала кетейік, Досымжан Таңатаров 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті оркесторының жеке солисі, жетекші әншісі қызметін атқарып келген.