Шешенстан басшысының ұлы Адам Қадыров түріктің «Жаужүрек Ертұғрыл» сериалына түсті. Бұл туралы елдегі ақпарат құралдары Шалинск әкімшілігінің басшысы Турпал-Али Ибрагимовке сілтеме жасап хабарлады.
Адам Қадыровтың сериалға түсіп жатқаны туралы Турпал-Али Ибрагимов желіде хабарлаған. Алайда, баланың қандай рөлді сомдайтыны айтылмапты.
«Адам барлық жағынан алда келеді, оқуда озат, спортпен де айналысады, түрлі наградалары бар. Киноға түсіп, өзін жаңа қырынан танытты», — деп жазған шенеунік.
Айта кетейік, былтыр Рамзан Қадыров аталған сериалды оңдыртпай сынаған болатын. Туындыдан еш мән-мағына көрмегенін жеткізген еді. Соған қарамастан, Шешенстан президенті Түркиядағы түсіру алаңында болып қайтты.
Айта кетейік, «Жаужүрек Ертұғрыл» — түріктің тарихи сериалы. 2014 жылы экранға жол тартты. Оқиға XIII ғасырда болған. Онда Оман империясының негізін қалаушысының әкесі Ертұғрылдың өмірі баяндалады.
Дереккөз: tvrain.ru