$ 443.35  475.54  4.82

Қайрат Нұртас: "Ғашықпын..."

Қайратты бұл қырынан ешкім көрген жоқ! Қайраттың бұл әнін әлі ешкім естіген жоқ!

12 желтоқсан күні «Астана-Арена» стадионында Қайрат Нұртастың шығармашылығының 10-жылдығына орай әлемдік деңгейдегі «Ғашықпын...» атты ірі музыкалық концерттік-шоу өтеді деп жоспарлануда. Концерттің басты ұйымдастырушылары«Қазақстан» телерадиокорпорациясы және «МУЗ-ТВ 2015» бәйгесін өткізген «Sapа Media group».

Қайрат сахнаға шыққан сайын өзінің даралығымен, сапалы жанды дауысымен, өзіндік мәнерімен және ерекше көңіл-күйімен есте қалады. Ұйымдастырушылардың және Қайраттың пікірінше бұл концерт те ерекше болмақ.

Әншінің өнерін бағалайтын көрермендерге 5D форматындағы ірі музыкалық шоу бағдарлама дайындалуда. Бұл шоуда көрермендер сахнада болып жатқан көріністерді ғана емес, сондай-ақ сахна айналасындағы «оқиғаның» куәгерлері болады.

«Шоуды әзірлеу ушін арнайы Мәскеуден кәсіби мамандар шақырылды. Ол шоудың режиссері - Григорий Скоморовский, қоюшы суретші - Ротислав Бирюков, жарық беру жөнінде суретші - Сергей Воронцев және т.б.», - деп мәлімдеді отандық мегажобалардың продюсері және аталмыш жобаның ұйымдастыру алқасының мүшесі Ләйлә Сұлтанқызы.

Концерт барысында кең масштабтағы бейнеграфикалық және аудио эффектер пайдаланып, интерактивті декорациялары және жарық түсіру құралдары бар арнайы сахна құрылады. Әншінің кеңістікте қозғалуына мүмкіндік беретін заманауи технологиялар қолданылады. Сонымен қатар, Қайрат көрермендеріне жаңа қырынан танылып, көрермендер оның талантының өзге де қырларының куәгерлері болады. Концертте әртістің көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерімен қатар жаңа, заманауи форматтағы әндері де орындалады.

Бізге белгілі болғандай, Қайрат өзінің шығармашылық кешіне ресей сахнасының жұлдыздары Нюша, Тимати және т.б.арнайы жұлдыздарды шақырып, елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше сый жасамақшы. Алдағы концерттің тосын сыйлары өте көп!

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары