16.05.2019, 09:17

Шымкентке айтыскер ақындар келе жатыр

«Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты республикалық тур 25-сәуір Талдықорған қаласында басталып, Семей, Павлодар, Ақтау, Қарағанды, Жаңаөзен, Петропавл, Орал, Тараз, Шымкент - бас-аяғы 22 қалада жалғасады деп жоспарлануда. Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетуде.

«Бұл ауқымды жобаның ең басты мақсаты - қазақ халқының арасында, қазақ жерінің түкпір-түкпірінде айтысты кеңінен бағыштау. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген басымдықтар қазақ халқының төл өнеріне, фольклорына қатысты. Ал соның ішінде айтыс өнері ерекше орын алады. «Ұлы дала ән мен жыры, Ақындықтың жеті қыры» жобасының аясында айтыс өнерінің өткеніне тағзым беріліп қана қоймай, қоғамдық сананы модернизациялау барысында айтысты бүгінгі заманның келбетіне қалай икемделетіні, жаңғыруына қандай үлес қосатыны ашылады», - деген болатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Ұлы дала ән мен жыры, Ақындықтың жеті қыры» жобасының аясында айтыс өнерінің өткеніне тағзым беріліп қана қоймай, қоғамдық сананы модернизациялау барысында айтысты бүгінгі заманның келбетіне қалай икемделетіні, жаңғыруына қандай үлес қосатыны ашылады. Жиырма екі қалада орын алатын ғаламат ән мен жырдың шеруі шоу элементтерін қамтиды. Демек, жиынның, той-томалақтың деңгейінен айтыс ауқымды аудиторияның қабылдауына лайық толыққанды мәдени шара ретінде көтеріледі.

«SN.kz» - ақпарат»