Халқымыздың ұлы ақыны, кемеңгер Абайдың әкесі, туралы «Құнанбай» кинокартинасы осы жылдың көктемінде прокатқа шығады деп күтілген. Бірақ, белгісіз себептерге байланысты қараша айына шегерілді. Оған себеп, «Құнанбай» фильмін еліміздің кинотеатрлары көрсетуден бас тартып отырған көрінеді, деп хабарлады baistars.kz.
«Классика радиосының журналисі Зира Наурзбаева фильмнің режиссері әрі басты рөлді сомдаушы Досхан Жолжақсыновқа мәселенің мән-жайын білмекке хабарласқан. Оған себеп, «Құнанбай» фильмін еліміздің кинотеатрлары көрсетуден бас тартып отырған көрінеді. Фильмнің көрерменге жетуі үшін көп жерге барып, шаршағандығын жеткізген. Тек, «Арман» кинотеатры 26-қарашада көрсететін болып келіскен. Басқа қалалар да 2-3-желтоқсан күндері көрсетуге уәде беріп отыр. Осындай жағдай орын алғандықтан «Құнанбай» фильмі кешеуілдеп жатыр», делінген дерекөзінде.
Еске сала кетейік, Астанада 2015 жылдың 15 мамырында Қазмедиа орталығында фильмнің тұсаукесері өтті. Фильмді ең бірінші шығысқазақстандықтар 13 мамыр күні тамашалады. Ал прокатқа 25 мамырдан бастап шығады деп жоспарланған болатын