03.06.2019, 10:04

«2-3 литр қарнымның майын сорғыздым»: Ләйлә Сұлтанқызы сұлулық үшін құрбандыққа барғанын айтты

Себебі, бұл процедураны елімізде мықтап қолға алған маман кем де кем бопты.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының бұрынғы келбеті көп есінде. Бірнеше келі салмақ тастаған оған бір кездері көрермендері қатты таң қалған болатын.  Көптің көкейінде жүрген салмақ тастау процесін Сұлтанқызы алғаш рет айтып берді. 

«Қазақстанда лепоксация жасағандардың алғашқыларының бірі болдым. 10 жыл бұрын жасадым. 2-баламды дүниеге әкелгеннен кейін салмағым кетпей қойды, сол кезде 2-3 литр қарнымның майын сорғыздым. Өзіме көрсетті», – деген ол сол кезде үлкен тәуекелге барғанын айтты. 

Себебі, бұл процедураны елімізде мықтап қолға алған маман кем де кем бопты. 

«Әрине ол қорқынышты проецедура. Оның да минустары бар, оны өте тәжірибелі адамға жасатпаса болмайды. Мен сол кезде үлкен тәуекелге бардым. Өйткені менде басқа аман қалмады. Мен спортты да көрдім, аузымды тыйып та өрдім. Болмады», – дейді Сұлтанқызы «Қарақатпен шәй» бағдарламасында.