24.05.2019, 15:47

Шымкент қаласының әкімі «Аладдин» фильмін тамашалады

Отандық кинопрокатқа шығатын «Аладдин» көркем фильмі шымкенттіктерге қазақ тілінде ұсынылды. Режиссёр Гай Ричидің жаңа туындысын тамашалауға арнайы келген шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов шығармашылық ұжым мен «Болашақ» корпоративтік қорына алғысын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.

- Бүгін – қуанышты күн. Кинофильмдердің қазақ тілінде шығуы маңызды. Осы туындыны көрерменге ана тілімізде жеткізуге атсалысқан әрбір жанға алғыс білдіремін. Туынды көпшілікке ұнайды деп ойлаймын, - деді Ғ.Әбдірахымов.

Көрсетілімде Аладдинді дауыстаған Астана жастар театрының әртісі Айсұлтан Жалиев те болды. Ал Дубляж «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасы бойынша «Aray Media Group» студиясымен бірге «Өзіңнен баста» жобасы аясында жүзеге асырылыпты. Дубляж демеушісі – «BI Group» компаниясы. Көрсетілімді ұйымдастырушы - «Jas Otan» жастар қанаты.

Көркем фильм «Aray Media Group» студиясында дыбысталған екен.

Айта кетер жайт, «Аладдин» – қазақ тілінде көркем дубляждалған 29-фильм.

«SN.kz»-ақпарат.