Аша Матай өзін Арманға сай емес деп кемсіткен тыңдармандарына жауап берді. Ауыр сөздер жазылған түрлі пікірлерді әнші «Gakku» арнасында оқыды.
Тыңдармандарының бірі «Арманның қасында тәте сияқты. Бойы да қортық» деп пікір білдірген. Аша Матай болса, «Құдайдың бергені осы. Шүкір. Ата-анама алғыс айтамын мені өмірге әкелгені үшін» деп жауап берді. Ал Арман келіншегін табиғи қалпында сүйетінін айтты.
Айта кетейік, Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың бүгінде Асылым атты қыздары бар.