Қазақстан Республикасының Халық артисі Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мәди Рымбаев Instagram-парақшасына әдемі жазба қалдырды. Анасына арналған бұл жүрек жарды сөздер көпшілікті бей-жай қалдырмады.
«Бүгін анамның теңізде жүзіп жүргенін көрдім. Сондай бақытты. Бұдан басқа не керек?», – деп жазды Мәди.
Көпшілік баланың анаға деген махаббатына таңырқап, Роза Рымбаеваның отбасына амандық тіледі.