Мәдениет & Шоубиз 01.06.2019 сағат 12:13  82

Шымкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында балалар қойылымының тұсаукесері өтті

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында «Хочу бодаться» қойылымының тұсаукесері өтті. Балалар жазушысы Райм Фархадидің ертегісі бойынша сахналанған бұл қойылым Қазақстанның Өзбекстандағы жылына арналып отыр. Қойылымның қоюшы-режиссері - Антонина Малюченка.
Шымкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында балалар қойылымының тұсаукесері өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Достықты дәріптеп, алдау-арбаудың, жамандық жасаудың соңы жақсылыққа апармайтынын жеткізген қойылым балалардың көңілінен шықты деп айтуға болады. Олар да ертегі әлеміне сапар шегіп, қуыршақтармен бірге мұңайып, бірге қуанды. Қойылым соңында театр директоры Б.Спанов мәдениет қызметкерелерін төл мерекемен құттықтап, еңбектерін ерекше атады, үздіктерге құрмет көрсетті.

Шымкент қаласы әкімі, Шымкент қаласы мәслихатының және республикалық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының алғыс хаттарымен Умида Сапарова, Әйгерім Сапарбекова, Зарема Фархатқызы, Жанат Оңалбек марапатталды. Сондай-ақ, театрда ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Омархан Нәсірұлына «Еңбек даңқы» төсбелгісі табысталды.

«SN.kz» - ақпарат»

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар