$ 494.87  520.65  4.91

«Ұнамаса тойыңызға шақырмаңыз»: Сәкен Майғазиев әншілерге кінә артатын халыққа ренішін айтты

Өнер иесі кез келген проблемаға өнер иелерін кіналайтындарды түсінбейтінін айтып, әншіліктің де мамандық екенін жеткізді.

Әнші Сәкен Майғазиев үнемі әншілерді кінәлап отыратын халыққа ренішін айтты. Тіпті, көпшілікті концертке де бармай, өнер иелерін тойға да шақырмауға үндеді. 

Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Әншілерді елдің қоры, өздерін елдің зоры санайтын жаңсақ пікірлі жандардың жазбаларын көзіміз көп шалып жүр. Түйенің танығаны тікенек (жантақ, жапырақ)», дегендей бәрінің түртпектейтіні әншілер. Бізге ғана шамасы жетеді. Қазақты қас дұшпан көрген Колчактың қаңқу сөзін қанатты сөздердің қатарына қосатындай әншілерден не қорлық көрдіңіз? Ұнамаса парақшасын оқымаңыз, концертіне бармаңыз, тойыңызға шақырмаңыз. Мәселе шешілді», – деп жазды ол. 

Өнер иесі кез келген проблемаға әншілерді кіналайтындарды түсінбейтінін айтып, әншіліктің де мамандық екенін жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары