Танымал тележүргізуші Мұхит Сапарбаевтың «Zhenis show»-ға берген сұхбатын көпшілік талқыға салды.
«Барлық адамдай іштік. Қазір тек темекі қалды өмірімде. Шөп шегіп көрдік, біздікі емес екен», - деді Сапарбаев.
Әр адам қалай өмір сүретінін өзі білу керек деп топшылаған Мұхит Сапарбаевты көпшілік сынға алды.
Желі қолданушылары: «Әркім өзі білсін деген дұрыс емес», «Осы еркекте намыс бар ма екен?», «Фууу, осыны көрсем жыным келеді», «Барлық адамның атынан жауап берме! Шөп шекпегендер де бар», - деген пікірлер қалдырды.