$ 444.22  476.38  4.82

Елордада көше билерінен халықаралық фестиваль өтеді

Жыл сайын фестивальде тәжірибе алмасу және би мәдениетін дамыту мақсатында мыңдаған өнер иесі бас қосады.

5-6 шілдеде елорданың орталық алаңында көше билерінен «International Street Dance Session» халықаралық фестивалі өтеді. Елорда күніне орайластырылған керемет шаралардың бірі биыл оныншы мәрте ұйымдастырылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жыл сайын фестивальде тәжірибе алмасу және би мәдениетін дамыту мақсатында мыңдаған өнер иесі бас қосады. Биыл жарыста 32 номинация болады, шараға Қазақстаннан және шет мемлекеттерден үздік заманауи хореографтар мен бишілер жиналады.

«International Street Dance Session» шеңберінде бишілер арасында командалық және жеке сайыстар өткізіледі. Майкл Джексон, Бейонсе, Ашер, Джастин Тимберлейк, Джастин Бибер және басқа да жұлдыздармен жұмыс істеген әлемдік хореографтар қатысушылардың өнерін бағалайтын болады»,- деп көрсетеді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана