11.06.2019, 16:43

Динара Сұлтан көлік емес, велосипед сыйлаған күйеуі жайлы айтты

Әншіге күйеуі ұл туған кезде велосипед сыйлап, дене бітімін қалпына келтіруге осылайша көмектескен.

Динара Сұлтан ұл туғанда күйеуі велосипед тарту еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бес баланың анасы атанған әнші Динара Сұлтанның сырт келбетінде мін жоқ. Көп балалы ананың сымбатын сақтап қалуының өз құпиясы бар екен. Әншіге күйеуі ұл туған кезде велосипед сыйлап, дене бітімін қалпына келтіруге осылайша көмектескен. Бұл туралы Динара Сұлтанның өзі айтып берді.

"Маған жолдасым ұл туған кезде велосипед сыйлады. Қыздарым күледі. "Елдер көлік сыйлайды, сенің күйеуің велосипед береді" деп. Салауатты өмір салтын сақтану үшін маған жасаған қамқорлығы. Сол дұрыс деп ойлаймын", - дейді Динара Сұлтан.