Үнемі басы даудан арылмайтын Төреғали Төреәлі тағы ұры атанды. Бұл жолы ұлы дала баласын италиялық әншінің әніне плагиат жасады деп айыптауда. Бұл туралы «НТК» арнасынан шығатын «Ревью» бағдарламасында айтылды.
Әншінің жаңа клипі көшірме клиптердің санын толықтырды. Өнер жолында жүрген Әли Оқапов шетелдік туындыларға бүйірі бұрып тұратын әріптестерін түсінбейтінін айтты.
«Олардан сатып алу, құқық алу, рұқсат алу бір бөлек. Ал ешкімге айтпай, ескертпей, қазақшаға аудара салып, өз әнім деп хитке айналдырса жауапкершілігі дұрыс емес», - дейді Әли Оқапов.