$ 443.35  475.54  4.82

Ғаділбек Жаңай Ақтөбедегі концерттің қаржысын қайырымдылыққа жұмсады

Түскен қаражаттың барлығын қаладағы «Батыс 2» ауданында салынып жатқан жаңа медресенің құрылысына аударатынын айтты.

Көрерменге ерекше кеш ұсынған танымал әнші билеттен түскен ақшаны қайырымдылыққа арнады, деп хабарлайды Aktobenews.kz

Әзілі аралас рухани кеш сыйлаған эстрада жұлдызы концерттің басынан соңына дейін жалғыз өзі жанды дауыста ән салды. Халыққа жеке концертін ұсынған Ғаділбек игі іске себепкер болды. Түскен қаражаттың барлығын қаладағы «Батыс 2» ауданында салынып жатқан жаңа медресенің құрылысына аударатынын айтты.

«Бір жыл бұрын бауырларымызбен ақылдасып үлкен істі қолға алдық. Әрбір амалдар ниетке байланысты. Ақтөбе қаласында» Алла» деген жазуы бар медресе салынып жатыр. Сіздер жай концертке келген жоқсыздар, тікелей сол медресенің құрылысына атсалысып жатырсыздар. Билеттеріңіздің қаржысы түгелімен сол жаққа кетейін деп жатыр. Сауапты іске атсалыссақ жан-жағымызға алаңдаудың қажеті жоқ. Басымыз бір болу керек. Рухани жағынан да, өнер жағынан да дами берейік. Ақтөбе қаласы бір мәдени және рухани орталық болатынына сенемін», — деді Ғаділбек Жаңай.

Үлкен іске үлес қосқан әнші медресе басшылығы атынан алғыс хатпен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары