Динара Сұлтан «Ревью» бағдарламасына берген сұхбатында ата-енесіне неге сәлем салмайтынын түсіндіріп өтті.
Келін боп түскеніне 10 жылдан астам уақыт өтсе де, Динара ата-енесіне мүлде салем салмаған. 5 баланың анасының айтуынша, қайын жұрты ешқашан талап етпеген және отбасылық дәстүрде «сәлем салу» жоқ екен.
«Мен Батыс жақтанмын. Жолдасым Алматы облысынан. Сондықтан, екі жақта да келін сәлем беру деген жоқ. Болған емес, талап етпейді», - дейді Динара Сұлтан.