$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымы сахналанды

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры жастар жылына орай тұңғыш рет Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымын сахналады. 36 жылдық тарихы бар театрда алдағы уақытта қуыршақтар ғана емес, жастар да өнер көрсетпек.

– Құндылығы кеміп бара жатқан достық, махаббатты қайта жаңғырту мақсатында шығыстың шайыры Низамидің дастанын сахналап отырмыз. Қуыршақ театры алғаш рет драманың заңдылығын, этикасын сақтай отырып, үлкен қойылымға бет алды, - деді «Ләлі-Мәжнүн» дастаны бойынша сахналық нұсқа авторы, қоюшы режиссер Самат Алтаев.

Театр директоры Бахтияр Спанов театр тарихындағы қолға алынған жаңа бастамаға тоқталды. – Осы уақытқа дейін балалар қойылымдары сахналанып, жасөспірімдерге қатысты тақырыптар қалып қойған еді. Ұлтымызды, әлемнің жауһар байлықтарын қойылымдар арқылы жеткізіп, олардың мәдениетімізге деген көзқарасын өзгертуге бетбұрыс жасадық. Қазір кадр мәселесі өзекті, - деді ол.

Шығыс дастанындағы ғашықтар бейнесін М.Әуезов атындағы ОҚМУ өнер факультетінің студенттері Анель Жұмабай (Ләйлі), Ақберді Мұсақұлов (Мәжнүн) сомдайды. Ал премьераны 18-19-20 маусым күндері сағат 11:00 және 18:00 тамашалауға болады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары