Мини Мисс және Мистер Шымкент сұлулық және таланттар байқауы. Бұл балалардың қарым-қабілетін ашып, дарынын дамыту мақсатында ұйымдастырылған дода. Оған өрендер жас мөлшері бойынша екі топқа бөлініп, өзара бақ сынасты.
Сұлулар байқауы 4 кезеңнен тұрды. Алдымен өздерін таныстырып, ерекше қабілеттерімен бөлісті. Сахнада түрлі киіммен дефиле жасап, бар өнерлерін ортаға салды. Шығармашылық қырын танытты. Әділқазылар алқасының сұрақтарына жауап беріп, білімдерін дәлелдеді. Өз кезегінде кішкентай арулар жарыстағы толғаныстарын жасырмады. Байқау қатысушысы Наз Ағатаева – Мені қолдап, демеп келген ата-анама, туған туыстарыма алғысым шексіз. Байқауда бар өнерімді көрсеттім деп ойлаймын. Жарыс маған өте қатты ұнады - дейді.
Сонымен «Turan models» модельдік агенттігі ұйытқы болған сайыстың 5 жасқа дейінгі жеңімпаздары Адель Шәріпбек пен Давид Кәрімбай. Ал Мини Мисс 2019 Алуа Шертаева болса Қайрат Әбдікерім Мистер Шымкент атанды. Енді олар Мәскеу, Ташкент қалаларымен қатар Грузияға саяхат жасайды.
«SN.kz» - ақпарат»