$ 447.4  477.55  4.76

Димаш Кұдайберген Минскідегі ІІ Еуропалық ойындардың ашылуында өнер көрсетеді

Ашылу салтанатын Belarus-1 және Belarus-5 телеарналары тікелей көрсетуде.

Беларусь астанасында ІІ Еуропа ойындарының  ашылу рәсімі өтіп жатыр. Салтанатты шараға әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ашылу салтанатын Belarus-1 және Belarus-5 телеарналары тікелей көрсетуде. 

БЕЛТА агенттігінің хабарлауынша,  салтанатты шара өтіп жатқан «Динамо» стадионында 20 мыңнан астам жанкүйер жиналған.Айта кеткен жөн, ІІ Еуропа ойындарының ашылу салтанатындағыпродюсер -  композитор Игорь Крутой, режиссер-постановщик - Алексей Сеченов.  Сондай-ақ осынау аса ауқымды мәдени-спорттық шоуда әлемге танымал опералық әнші Анна Нетребко, сондай-ақ Қазақстаннан әнші Димаш Құдайберген ән шырқайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары