19.06.2019, 14:06

Шымкентте ретро автокөліктер музейі ашылды

Шымкентте қала күні қарсаңында ретро автокөліктер музейі ашылды. Көлік сүйер қауымды мұражайдағы экспонаттар бейжай қалдырмасы анық.

Ескі автокөліктерді тізгіндегенді ұнататын жандар бар. Сирек түрі болса, тіптен жақсы. Олар үшін автокөлік өмірдің мәні секілді. Ретро автоліктер музейі — Шымкент қаласының тұғындарына қаланың туған күніне орай тағы бір сыйлық.

Ретро автокөліктер музейінде 26 экспонат бар. Солардың бірі “Газ М2” сериялы автокөлігі зауыттан бар-жоғы 1100 дана болып шыққан. Көліктің жылдамдығы сағатына 120 шақырымды құрайды. Музейдің маңызды ерекшеліктерінің бірі — мұндағы көліктердің барлығы дерлік жүруге жарамды.

Музейде тек жеңіл көлік қана емес, мотоцикл де бар. Көліктердің барлығы Кеңес Одағы кезінде шығарылған. 1991 жылдан кейін шығарылған көлік мұнда жоқ. Реставратордың айтуы бойынша, барлығын жинау үшін 12 ай кеткен. Ал музейге кіру құны әзірге белгісіз. Бірақ қарапайым xалыққа қолжетімді баға болады екен.

«SN.kz»-ақпарат.