27.06.2019, 10:32

Анам екі отбасыны бала-шағаларымен үйге алып келіпті – «Жігіттер» тобының әншісі

Фото: sn.kz
Сонымен қатар, ол Арыс оқиғасында зардап шеккен көп адамдардың көшеде отырғанын жазған.

«Жігіттер» тобының солисі Айдар Тұрғанбектің анасы Арыстағы зардап шеккен екі отбасыны үйіне алып келген. Бұл туралы әнші өз Instagram-парақшасында жазған.

«Анам барып екі отбасыны бала-шағаларымен үйге алып келіпті. Алла разы болсын анашыма. Бұны Instagram-ға салып отырғаным мақтаныш үшін емес. Бәріміз осылай 2-3 отбасыдан үйге алып келсек, үлкен көмек болар еді», - деді Айдар Тұрғанбек. 

Сонымен қатар, ол Арыс оқиғасында зардап шеккен көп адамдардың көшеде отырғанын жазған. 

«Көбісі көшеде отыр. Кешеден бері ұйықтамаған, жуынбаған, әбден шаршаған. Іске көшейік!», - деп жазды ол.