$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда 200-ден астам домбырашы өнер көрсетпек

Қазақстанда Ұлттық домбыра күні биыл екінші жыл қатарынан өткелі жатыр. Былтыр маусым айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл мерекені қоғамды одан әрі ұлттық мәдениет пен барабарлықты сақтау мен жандандыру идеясы төңірегінде шоғырландыру мақсатында жариялаған.
Қарағанды облыстық әкімдігі
Қарағанды облыстық әкімдігі

7 шілде күні сағат  12.00-де Орталық саябақ жағалауында Домбыра күніне арналған үлкен флешмоб-концерт болады. 

Қарағанды облыстық әкімдігінің хабарлауынша, көрермендер музыка мектебінің 200-ден астам домбырашы-оқушылары мен оқытушыларының, сонымен қатар Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары орекстрінің өнерін тамашалайтын болады. Олар «Сарыарқа», «Адай» және «Балбырауын» сияқты танымал күйлерді сыйға тартпақ. 

Айта кетейік, Қазақстанда Ұлттық домбыра күні биыл екінші жыл қатарынан өткелі жатыр. Былтыр маусым айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл мерекені қоғамды одан әрі ұлттық мәдениет пен барабарлықты сақтау мен жандандыру идеясы төңірегінде шоғырландыру мақсатында жариялаған. 
«Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген болатын қаулыда. 

Домбыра күнінің белгіленуі жай­дан-жай емес. Бұл рухани жаңғыру бағытындағы ең сүбелі тірліктің бірі болмақ. Осы күннің аясында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында тың бас­та­ма­­лар бой көтеріп, көптен бері қол­­дау таппай жүрген игі дү­ние­лер қайта жаңғыруы ғажап емес. Көп нәрседен үміттіміз. Көк сандықтан домбыра үнімен астас­тырылған салмақты дүние­лер­дің көптеп жарық көруін жанымыз қалайды. Ең дұрысы, науқаншылықтан ада, әсіреқызыл тез оңарлық тірлік емес, өзінің қоңыр үні мен қоңыр болмысына сай, ұлтымыздың жадын қайта бір жаңғыртатындай күн болса екен дейміз. 

Еске сала кетсек, Домбыра күніне орай Қарағанды облысында апта бойы осы мерекеге арналған іс-шаралар өтеді. 4 шілдеде сағат 15.00-де Достық үйінде «Ұлы дала перзенті» фестивалі ұйымдастырылады. Ал 5 шілдеде Шет ауданының археологиялық-этнографиялық мұражайында – «Күмбірле қоңыр домбыра, саз байрағы!» іс-шарасы өткізілмек. Басталуы 11.00-де, кіруі тегін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары