Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімованың жаңа образы жұртты таң қалдырды. Видео Жұлдыздың Instagram-парақшасында жарияланды.
«Маралымдағы образым. Табиғи сұлулық бояудың астында қалды», – деп жазды ол.
Ал желі қолданушылары бұл өзгерісті әр түрлі эмоциямен қабылдап жатыр.
«Көзіңізге блефаропластика жасатқансыз ба?», «Бұрынғы түріңіз әдемі. Мына жақта түлкіге ұқсап қалғансыз», «Шынымды айтсам кәрі көрінесіз. Негізі әдемісіз. Бұл жерде басқаша», «Әдемі. Үнді киносының актрисасы», – деп жазды олар.