10.07.2019, 17:17

«Менің мөлдір әлемімнің патшасы»: Роза Әлқожа жұбайына ән жазды (ВИДЕО)

Жаңа туындысын өнер жұлдызы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына бөліскен.

Эстрада әнші Роза Әлқожа күйеуі Айдын Қабаға арнап ән жазды, деп хабарлайды SN.kz ақпарат порталы. 

Жаңа туындысын өнер жұлдызы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына бөліскен. 

«Әр әйелдің өз патшасы бар. Күйеудің разылығында Алланың разылығы бар екен. Ол – жаны мен жүрегінің иесі. Ол – екі дүниеде егесі. Ол –  өз отбасының әміршісі. Әдетте жігіттер нәзік жандарға әннің түр түрін арнап жатады. Біз де оларды патшаға теңесек артық емес шығар? Әр келіншек өзінің ақ патшасына арнап айтуына болады», – дейді Роза Әлқожа.