$ 494.87  520.65  4.91

«Сенің қатының... –нан бастайды»: Жанар Айжанова енелерге кеңес берді

Екі жастың бақыты үшін ата-аналар келген заттың бағасын сұрыптамай, балаларының бақытын жоғары қоюы тиіс.

Атақты жұлдыз Жанар Айжанова Instagram-парақшасында киіт үшін ұрысатын құдағайларды сынға алды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Оның ойынша, бәленің бәрі жас жұбайлардың ата-анасынан бастау алады екен. Қыз бен жігіттің бақыты үшінші адам ортаға түскенде баянды болмайтыны хақ. 

«Кейбір асабалар тойда құдағайларға «Осы екеуің тату болсаңдар болды. Жастар ешқайда кетпейді. Шықса бәленің бәрі сендерден шығады» деп қағытып жатады. Негізі сөзінің жаны бар. Бәріміз де білеміз, құда-жекжаттың арасында жүретін «дежурный пакет» бар. Ұрыстың басы сол пакеттегі каробка шоколадпен екі метр мата. Көңілі толмай қалған қыздың шешесі өзі айта алмағанын "енеңе осылай деп" айт деп қызына айтқызады. Қыз шешесінің приказын бұлжытпай орындап, енесін жұлып алады. «Мамам бергені аз, мен одан көп әкелгем.

Ертең ағайын-туыстарыма не деп айтам. Қасымда еріп келген жеңгелеріме кәмпит емес, сақина салмай ма деп жатыр» деп. Содан көк атқа мініп енесі шығады. Ақыры ушығып кеше ғана төс қағысқан құдалар да «қойсайшы» деген сөзден ары ештеңе айта алмай, кете барады. Бұл ойдан шығарып отырған әңгіме емес, өмірде бәріміз куә болып жүрген нәрселер» - деп ызасын жазбаға түсірді ол. 

Екі жастың бақыты үшін ата-аналар келген заттың бағасын сұрыптамай, балаларының бақытын жоғары қоюы тиіс. 

Жанар Айжанованың айтуынша, қызды ұрысқа үйретіп, жаңа түскен отбасына жалмауыз қылып қоятын анасы. Күйеуді қол көтеруге дейін итермелеп, күйеу бала міндетін атқаруға мүмкіндік бермейтін де осы құдағайлардың дауы екен.Берекесі жоқ үйден сүйіп қосылған жастардың сезіміне қаяу түсіп, соңы ажырасуға әкеледі. 

«Айтайын дегенім, қыз кетерде «барған жеріңе тастай батып, судай сің» деп ұрандатамыз. Артынан «былай де, олай деп айт» деп, қызды ұрысуға үйретеміз. Ұлдың шешесі де қалыспайды . «Сенің қатының.....-нан» бастайды. Әркім өз баласын азғырады. Тым жақсы «жаным, жаным» деп отырған екі баланың ортасына шайтан кіреді. Әркім өз әке-шешесін жақтап қызыл кеңірдек болады. Үлкендер ақылға келудің орнына қоламтасын қағып, қайта жаңғыртып ұрысты жалғастыруын қоймайды. Сөйтіп жүргенде ағайындардың арасынан құдайына қараған бір адам шығып, екі жаққа басу айтып көп сериялы ұрыстың нүктесін қояды», - дейді ол. 

Жазба соңында әнші дүниеқұмарлықтың жаңа отбасыға теріс әсерін беретінін айтты. Ол барлық отбасыға бақыт тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары