$ 494.87  520.65  4.91

Динара Сұлтан 5 баламен тұрмысқа шығудың жолын айтты

Оның айтуынша, әншінің жолдасы 10 жыл бұрын «5 бала туып берсең, үйленемін» деп шарт қойған екен.

5 баланың анасы Динара Сұлтан тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Sn.kz. ақпараттық порталы.

Бұл жаңалықпен ол өзінің Instagram-парақшасында бөліскен болатын. 
Динара Сұлтан 5 баласы бар ана ретінде осыдан 10 жыл бұрынғы қызық жайтты айтып, жұртты таңғалдырды.

Оның айтуынша, әншінің жолдасы 10 жыл бұрын «5 бала туып берсең, үйленемін» деп шарт қойған екен.

«10 жыл бұрын жолдасым маған қалжыңдап бір нәрсе айтқан: «егер сен маған 30 жасыңа дейін 5 бала тауып берсең,сол кезде ғана үйленемін»- деп. Мен әрине күліп,ішімнен «есі дұрыс пе екен?» деп ойлап қалғам. 

Жылдар өте үш қыз пайда болды, ол кезде шетелде тұрдық, жұмыс деп қол тимейтін жағдай болған жоқ,сондықтан ең бастысы әйел отбасын өз қолына алу керек деп,тек қана жанұяммен айналыстым. 5 жыл бойы шығармашылыққа аса көңіл бөлмедім. 

Жолдасым ұлды аңсады,мен де сүйгеніме ұл сыйлағым келді. Әр-түрлі жолдарын іздестірдім,төртінші бала дүниеге келді. Қой,қайтайық енді деп Қазақстаныма көшіп келдік. Ұлымыз бір жасқа толған еді. Кейін Алланың қалауымен бесіншісін дүниеге әкелдім.

Ұлымыз бір жасқа толарда жолдасым «есіңде ме, мен саған бес бала тапсаң,үйленемін дегем. Біздің қыздар шын қабылдайтын қыздар екен, үйленейік» деді. Мен шыны керек ол қалжыңды ұмытып та кеткем» - деп қызыққа толы өмірімен бөлісті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары