Кеше ол өзінің Instagram-парақшасына бейтаныс адаммен түскен суретін жариялады, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.
Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева шоу-бизнестегі тұрмыс құрмағандар қатарында еді. Ол суретте белгісіз ер адамға тамақ ұсынып, астына жазба қалдырыпты.
«Алдымен өзіңе, сосын өмірге ғашық бол. Тек содан кейін ғана қалаған адамыңды сүй», -деген жазды ол.
Көптің көзіне оттай басылған сурет қызу талқыға түсті. Желі қолданушылар бейтаныс адамды оның жігіті деп болжап, ақ тілектерін жаудыртып жатыр.
«Жігітіңіз бе?», «Сүйіктісін көрсетті-ау», «Бақытты болуға лайықсың», «Сіздің парақшаңызда осындай жылы сурет пайда болғанына қуанып отырмын», «Уайымдап жүргем, әйтеуір тұрмысқа шығатын болдыңыз ғой», «Әйел бақытын тілеймін», - деп пікір қалдырды олар.