29.07.2019, 21:40

«Күні санаулы!»: Димаштың тыңдармандары оның жанында жүрген төсі ашық қыздардың үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтты

Тыңдарманының пікірін еш өзгеріссіз беріп отырмыз.

Димаш Құдайберген қазір әлем танитын мегажұлдыздар қатарында. Тіпті Қазақстанды Димаш арқылы елестетіп, сол үшін елімізге арнайы саяхаттайтындар қатары көбейді. Алайда өнер иесінің ортасы тыңдармандарын алаңдатып отыр. 

İnstagram әлеуметтік желісі қолданушыларының бірі Димашқа төнген қауіптің алдын алмаса жағдай қиындайтынын ескертеді. 

Тыңдарманының пікірін еш өзгеріссіз беріп отырмыз. 

«Димаштың соңғы кездердегі мына ортасы маған түк ұнамады. Үлгілі отбасынан шыққан талантты, білімді жігітке сай орта емес. Төсі не көкке өрлеп, не жер сүйреп жүрген мынандай қыздар жігітті құртып тынады.

Димашты бұзу - қазақ халқын бұзу. Себебі ол қазір ұлттың айнасына айналған тұлға. Бұл өте қауіпті. Ата-анасы алдын алмаса болмайды бұның. Бұлай жалғаса берсе Димаштан күні санаулы!», - деп жазған Ерлан есімді жігіт.