$ 443.85  474.3  4.8

Етегін ашқан, ессіз клиптеріңізді жарнамалаудан ұялып біттім - Саят Медеуов

«Онсызда танымал мен талантты ажырата алмай жүрген ағайынның санасын уламайықшы. Мені тыңдайтын азғантай ғана тыңдарманымның талғамына сай дүние ұсынғым келеді», - деді ол.
Фото: Reactor.kz
Фото: Reactor.kz

Әнші, еңбек сіңірген қайраткер Саят Медеуов жас әншілерге үндеу жасады. Ол қазіргі жұлдыздардың туындысы мен бейнеклиптерінен ұялатынын айтты. 

«Құрметті әншілер, соның ішінде кейінгі жастар! Әндеріңіз бен бейнебаяндарыңызды инстаға жарнамалап берші деп өтініш жасарда сәл ойланыңыздаршы. Сөзінен сән қашқан, өзге ұлттың сөзін олжа көріп шатасқан әнсымақ пен етегін ашқан, ессіз клиптеріңізді жарнамалаудан ұялып біттім», - деді әнші. 

Сондай ақ, Саят Медеуов әншілерден халықтың санасын уламауға шақырды.

«Онсызда танымал мен талантты ажырата алмай жүрген ағайынның санасын уламайықшы. Мені тыңдайтын азғантай ғана тыңдарманымның талғамына сай дүние ұсынғым келеді. Біздің алшаң басып жүргеніміз осы Алаштың арқасы. Ендеше, елге деген адалдықты аялап, өнердің биік тұғырын аласартпай өмір сүрейікші. Құрметті әріптестер түсінесіздер деп ойлаймын», - деп жазды әнші өз Facebook-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары