$ 444.22  476.38  4.82

«Томирис» фильмінің қашаннан бастап көрсетілетіні белгілі болды

Айта кетейік, «Томирис» фильмі біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда болған оқиғаларды баяндайды.

«Томирис» фильмінің қазақстандық прокатқа шығатын күнін режиссер Ақан Сатаев хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

«Достар, біздің фильм 27 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрынан көрсетіледі», - деп жазды Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, «Томирис» фильмі біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда болған оқиғаларды баяндайды, яғни ұлы даланы билеп алуға тырысқан парсылардың патшасы ІІ Кирге қарсы Томирис патшайымның басшылығымен сақ тайпасының қалай тойтарыс бергені көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары