$ 448.15  483.46  4.86

«Қазақтың хас дұшпаны»: Thekitchensongs-тың жаңа бейнебаяны халық арасында дау туғызды (ВИДЕО)

Қазақы менталитетті ұстанған еліміздің азаматтары үшін бұл бейнебаян күтпеген "тосынсый" болды.

«The kitchen songs» атымен танымал жас әнші Азамат Сыздықовтың біртүрлі бейнебаяны халық арасында шу шығарды, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

«Екеумізге бәрібір» деп аталатын бейнебаян бір көргенге жеңіл болғанмен, қазіргі қоғамда болып жатқан оқиғаларды бейнелейді.

Жаңа бейнебаянның шыққанын Thekitchensongs Instagram-парақшасында хабарлады.

«Бейнебаянда айтқым келген ойды Эден Маккойдың дәйексөзі тамаша жеткізеді. Махаббат жас, түр, мүсін таңдамайды, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Нағыз махаббатты сынауға ешкімнің қақысы жоқ, ол тіпті романиткаға толы жай қарым-қатынас болса да... Әр адам өз ісіне жауапты және өз өмірін өзі ғана сынай алады», - делінген жазбада.

Қазақы менталитетті ұстанған еліміздің азаматтары үшін бұл бейнебаян күтпеген "тосынсый" болды. 

Жігіт пен жігіттің, қыз бен қыздың, өзге ұлт өкілі мен қазақ қызының құшақтасқандары желі қолданушылары арасында әртүрлі пікір қалыптастырды. Біреулері даттаса, енді біреулері жақтап жатыр.

«Ақымақ, Алладан қорқу керек қой», «Қазақтың киесі атады, қазақтың хас дұшпаны», «Өмірлік мәні бар», «Адам төртбұрышты болса да, жақсы адам болса болғаны», «шынымен де махаббатты ұлтқа, түрге бөлуге болмайды», «өте батыл қадам», - деп шуласты олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары