10.08.2019, 22:03

Димаш Құдайберген Ресейде тағы концерт өткізбек

Алғаш рет үлкен концерт өткізбек.

Әнші Димаш Құдайберген Ресейдегі мұз айдыны сарайында жеке концертін өткізбек. Бұл туралы Димаш İnstagram парақшасында хабарлады.

Өнер иесінің Санкт-Петербург қаласындағы концерті биыл 29 қарашада өтеді.

Айта кетейік, бұл кеш - өзінің сол қаладағы алғашқы үлкен жеке концерті.