13.08.2019, 10:05

«Киімнің маңызы жоқ»: Айжан Байзақова зорлықшыларға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Ол әйелдердің киімінде тұрған ештеңе жоқтығын айтты.

Атышулы Айжан Байзақова қоғамда болып жатқан оқиғалардан бей-жай емес екенін, халықпен бірге екенін әлеуметтік желілерде аңғартып жүр, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ол соңғы кездері әйелдердің құқығын қорғауда алдына жан салмай, алғашқылардың бірі болып пікір білдіруге тырысуда. Байзақова осы зорлыққа қатысты тақырыпты Youtube арнасындағы DIGISTAN бағдарламасына берген сұхбатында қозғады. Соның ішінде пойыздағы болған оқиға Айжанның жанына батқанға ұқсайды. 

Оның айтуынша, зорлықшылар қатаң жазалануы тиіс. Және ол әйелдердің киімінде тұрған ештеңе жоқтығын айтты. Өйткені, зорланған келіншектердің барлығы ашық-шашық киінбеген.

«Қысқа кидің бе, әрине, сені зорлап кетеді дейді. Ал зорланып жатқан кішкене балалар ше? Менің ойымша, зорлайтын адамның есі дұрыс емес. Әйелдің кінәсі жоқ. Әдетте қорғанышы жоқ, жалғыз кетіп бара жатқан қыздарды ғана зорлайды. Киімнің маңызы жоқ, тек әлсіз, жалғыз қыздарға жау», - деді Байзақова.