$ 494.87  520.65  4.91

Гауһар Әлімбекова туған жерінде жеке ән кешін өткізді

Өнер иесі кіндік қаны тамған өлкеге барып, шығармашылық концертін өткізді.

Гаухар Әлімбекова туған жерінде кеш берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі кіндік қаны тамған өлкеге барып, шығармашылық концертін өткізді. Мақтааралдық әнші туған топырағын әнге бөлеп, жұрттың жүрегін елжіретіп қайтты. Лирикаға толы туындыларымен ерекшеленетін өнер иесіне аудан әкімінің орынбасары алғыс айтып, мәдениеттің өркендеуіне үлес қосып жүргені үшін ризашылығын жеткізген.

"Гауһар лириканы жақсы көреді. Оның сырға, мұңға толы ғажайып әндері тыңдаған жанды елітпей қоймайды. Сезімге толы сыршыл әндер Гауһардың қазақ сахнасындағы өзіндік орнын, ән әлеміндегі өзіндік мәнерін қалыптастырды. Сондықтан біз - жерлестері, әнші қарындасымызбен қашанда мақтанамыз!" - деді аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы.

Гауһар Әлімбекова 1971 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Әншілік пен сазгерлікті қатар алып жүрген ол гитарада ойнауды 9 сыныпта оқып жүргенде үйренген. Ең алғаш шығарған әні "Сағыныш сазы" деп аталады. Алғаш рет Гауһар жас сазгерлердің "Үкілі үміт" байқауында көзге түсіп, Исраил Сапарбай, Секен Тұрысбеков, Мұрат Құсайынов ағаларының батасын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары