20.08.2019, 23:32

«Ақымақ» десе ренжиді тағы»: Айгүл Болатханқызы әншілерге шүйлікті

Ол әннің сөзіне мән бермеген әншілерге ашынды.

Әлеуметтік желі қолданушысы Айгүл Болатханқызы әннің сөзіне мән бермеген әншілерді сынға алды. Бұл туралы ойын ол Facebook-парақшасына бөлісті.

"Еларнадан" "Арман жолы" деген фильм-концерт (солай түсіндім) болды. Сонда Нұрлан Әлімжан, Айгүл Иманбаева, Айқын Төлепберген сияқты тағы біраз "әншілер" "Өз елім" әнін орындады.

"Тілегі сендер, түлегі сендер, тірегі сендер, СОЛ елдің!

Ажары сендер, базары сендер, назары сендер СОЛ елдің", - деп сайрады олар.

Әй, көкетайлар, СОЛ елің қай ел? "Бір қора" болып ұлардай шулаған сендердің іштеріңде осыны ойлаған біреу табылмады ма? Неге СОЛ? БҰЛ елден жерінетіндей не бастарыңа күн туып еді?

Әншілерді "ақымақ" десе ренжиді тағы.

Сол еліңе кете бергін, бұл еліме тиіспе бірақ!», - дее жазды ол.