$ 444.32  473.33  4.76

«Негізі біз сізден ақыл-кеңес сұрамадық...»: Димаштың әкесі Нұртас Адамбайдың сынына шамданып қалды

Нұртас Адамбай бұл серіктестіктен Димаштан гөрі, ресейлік сазгердің көбірек ұтатынын атап өткен-ді.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Таяуда отандық режиссер Нұртас Адамбай өзінің желідегі парақшасында Димаш пен Игорь Крутойдың серіктестігіне қатысты пікір білдірген еді. Оның ойынша, ресейлік маэстро қазақстандық орындаушының дамуын тежеп, уақытын шығындап жатыр-мыс.

Ал бүгін сол сынға қатысты Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Нұртас Адамбай бұл серіктестіктен Димаштан гөрі, ресейлік сазгердің көбірек ұтатынын атап өткен-ді. Сонымен қатар, ол әншіге бар назарын штатқа қарай бағыттауға кеңес берген болатын.

Қазақстандық режиссердің сол жазбасы желі қолданушыларының қызу талқысына түскен еді. Тіпті, бүгінде әлемге танылып үлгерген әншінің әкесі Қанат Айтбаев та жазбаға назар аударған. Алайда, ол Адамбайға қысқа ғана жауап қайырды.

«Негізі біз сізден ақыл-кеңес сұрамадық. Өз ісіңізбен айналысыңыз. Біздің өз жоспарымыз бар. Рахмет!» – деп пікір қалдырды Қанат Айтбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары