$ 445.66  474.58  4.78

Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Алматы өнердің қайнаған ордасы.

Танымал эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

"Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлының бұйрығымен мәдениет саласының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалдым. Қадірлі тілектес, рухтас бауырларым, маған арналған ақ тілек пен ниеттеріңізге мың алғыс.

Алматы өнердің қайнаған ордасы. Күрмеуі қиын, күрделі мәселелері көп мәдениет саласында сіздер үшін еңбек етуге барымды саламын. Әр қадамыма сәттілік тілеген ағайынға рахметім шексіз", - деді Бесбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары