$ 444.22  476.38  4.82

«Мəселе - Мейрамбекте емес, біздің жүйеде»: жас жазушы әншінің билікке келуіне қатысты пікір білдірді

Ертең де кейбір əншілер əкім, министрдің кеңесшісі болу үшін барын салса, таңғалмаймын.

Белгілі жас жазушы Аягүл Мантай өзінің Facebook желісінде Алматы қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болған әнші Мейрамбек Беспаевты сынға алды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

"Кеше Мейрамбектің Алматы қаласы əкімінің штаттан тыс кеңесшісі болғанын қабылдай алмайтынымды жаздым. Пікірімді кейбір оқырмандардың қабылдамағаны анық. Рас, Мейрамбекте деңгей бар. Мейрамбекті жақсы көрем. Бірақ мəселе - Мейрамбекте емес, біздің жүйеде. Қазір осыдан он бес жыл бұрынғы Қазақстан болса, Мейрамбекті қолдар едім.Қазір теледидарды, бүкіл ақпарат құралдарын əншілер "жаулап алды". Бұл - қоғамның дерті. Бастапқыда телеарнаға жүргізуші боп осылай бір-екі əнші келді. Содан өздеріңіз де білесіздер, əншілердің көпшілігі жүргізуші болуға ұмтылды. 

Ертең де кейбір əншілер əкім, министрдің кеңесшісі болу үшін барын салса, таңғалмаймын. Онда Қазақстанда Мейрамбек синдромы басталады... Қайталап айтам, мəселе - Мейрамбекте емес, біздің жүйеде, əр нəрсенің дозасын білмейтін жүйеде..." - деп жазады жазушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары