Венеция кинофестивалінде америкалық режиссер Тодд Филлипстің «Джокер» кинокомиксі «Алтын арыстанды» жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.
Осы жылдың қазан айында бүкіл әлем бойынша жарық көретін фильмнің алғашқы көрермендері фильмге риза болып, оны ұзақ талқылады.
Филлипстің айтуынша, ол Финикспен бірге Джокердің бейнесінде ұзақ және көп жұмыс жасаған. Олар алты ай бойы оның келбетін, мінез-құлқы мен күлкісін талқылады.
Ресейлік кино сыншысы Егор Беликов «Джокердің» жеңісін тарихи деп атады, бұған дейін кино комикстерінің бірде-біреуі мұндай жоғары марапатқа ие болмағанын атап өтті.
Фильмнің режиссері Тодд Филлипс, сонымен қатар, қазақстандықтардың наразылығын тудырған «Борат» комедиясының сценаристерінің бірі.