$ 494.87  520.65  4.91

«Алашұлының» мүшесі «Қатыным» деп ән шырқағаны үшін топтан қуылды

Енді «Батырлар ұранын» айтып отырған адамға «Қатыным» деген ән ешқайда сыймайды. Топтың форматын, бағытын бұзуға ешкімге рұқсат бермейміз», – дейді продюсері.

«Алашұлының» продюсері Назгүл Қарабалина Әзімбек Байлиннің неге топтан кеткенін халыққа түсіндіріп берді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы продюсер 31 арнадағы «Айта берсін» бағдарламасында айтып берді.

«Қай әнші болсын біздің топта, егерде ол бағыттан ауытқитын болса, ол Әзімбектің жолымен кетеді», - деді Назгүл Қарабалина.

Продюсер Әзімбекті топтан шығарып жібергенін ашық айтты.

«Біріншіден, Әзімбек шығып кеткен жоқ. Біз Әзімбекпен келісімшартты тоқтаттық. Себебі, формат деген дүние бар. «Алашұлының» ұстанған өзіндік бағыты, форматы бар. Әзімбек өкінішке орай, форматтан тыс әрекеттер жасады, әндер жазды.

Енді «Батырлар ұранын» айтып отырған адамға «Қатыным» деген ән ешқайда сыймайды. Топтың форматын, бағытын бұзуға ешкімге рұқсат бермейміз», - деп сөзін қорытындылады Назгүл Қарабалина.

Еске сала кетсек, «Қатыным» деп ән шырқаған Әзімбек Байлинді жұрт сынға алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары