$ 494.87  520.65  4.91

«Мақтауын да жеткізді енді»: Нұрғали Нүсіпжановтың концертін өзінің жас келіншегі жүргізді (ВИДЕО)

Сахнаға шыққан Нұрғали Нүсіпжанов өзін қатты мақтап жібергенін тілге тиек етіп, халыққа сәлем берген.

Нұрғали Нүсіпжанов пен жас келіншегі шипажайда концерт өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Танымал әнші туған жеріндегі шипажайлардың біріне демалуға барып, ойламаған жерден концерт берген. Концерттің жүргізушісі Нұрғали Нүсіпжановтың жас келіншегі Жадыра Сейдеш болған екен.

Кештің үзіндісін бейнежазбаға түсіріп алған «Жаркент арасан» шипажайы оны өзінің желідегі парақшаларының бірінде бөліскен. Жас келіншек күйеуінің мақтауын асырып сахнаға шығарған. Ол демалушыларға бар жақсылықты жаудырып, аман-есен елге оралыңыздар деп тілек білдерген.

«Армысыздар, ардақты ағайын! Шипажайда біз концерт береміз деп жоспарлаған жоқпыз. Әсіресе менің жүргізуім аяқ астынан болып тұр. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Алып жатқан емдеріңіз күш-қуат беріп, аман-есен оралуды жазсын. Бала-шағаларыңызбен қауышуларыңызға тілектеспіз. Қасиетті жер жәннаты Жетісуға Нұрғали Нүсіпжановтың келуі бірінші рет емес. Бұл кісі осы өңірден түлеп ұшқан. Сондықтан Нұрғали Нүсіпжанов ағамызды шақыруға рұқсат етіңіздер», - деді Жадыра Сейдеш.

Сахнаға шыққан Нұрғали Нүсіпжанов өзін қатты мақтап жібергенін тілге тиек етіп, халыққа сәлем берген. Артынша өнер иесі әнін әуелетті.

«Мақтауын да жеткізді енді. Сондықтан сіздермен амандасып, бастап кете берсем болады», - деді Нұрғали Нүсіпжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары