«Алма алма ағашынан алысқа құламайды» дегендей, танымал қазақстандық әнші Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев анасының жолымен өнер жолында ән салып жүр. Жақында ғана әйгілі әншінің ұлы Диас тыңдармандарын жаңа сахналық образымен таңғалдырды.
Ол музыкалық видеороликте қыз секілді киініп, сәнденіп, жасанды шаш таққан», - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Су жаңа клипіндегі образы арқылы жұрттың назарын өзіне аударған оның клипі қызу талқыға түсуде.
Шығармашылық ізденісте жүретін Диас Аблаевтың "Boom" атты бейнебаяны Gakku TV арнасының Youtube-тағы ресми каналына шықты. Жарыққа шыққан екі күннің үшінде бейнеклип 61 мың қаралым және 2,6 мың лайк жинады.
Музыкалық композицияда Аблаев бірнеше образдарды сомдаған. Мәселен, капитаннан бастап, регби және сиқыршы, көріпкел образындарында ойнаған. Интернет қолдауншылардың пікірінше, осы клиптегі оның ең жарқын, есте қаларлық образы – черлидер қыздың рөлін сәтті алып шығуы.
Желі қолданушылары әншінің жаңа образына таңданыстарын жеткізіп, түрлі пікірлер қалдырды.
"Бірдеңе жетіспейді", "Әлем қуайын деген бе?!", "сәтті тәжірибе", "батыл жігіт", "ән өте нашар шыққан", "қызықты әрі энергия сыйлайды", - деп жазды олар.