$ 449.58  486.94  4.86

«Тоқалдарын тықпалағысы келетін»: Аша Матай дөкейлердің былығын жайып салды

Бір қызығы қоңыраулардың бірінде маған жоба жүргізушісі болмауымды өтініп, ақша ұсынғандар болды.

Әнші, тележүргізуші Аша Матай бір былықтың бетін ашып, желіде жазба жариялады. Оған ақша ұсынған адам «жұмыс орныңды босатып берші» деп қолқалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Кенеттен қызыққа тап болдық қой. Бір апта бұрын мен «Еуразия» Бірінші арнасында жаңа телевизиялық жоба жарық көреді дегенмін. Осыны жария ете салысымен менің телефоныма тыным болмады. Рас айтамын. Оның үстіне Инстаграм желісіне де осыны талқылап, жарыса жазған жұртты көрсеңіз. Соңы жоқ... Елестетіп көріңізші...

Бір қызығы қоңыраулардың бірінде маған жоба жүргізушісі болмауымды өтініп, ақша ұсынғандар болды. Түсінгенім, бұл оғаш қылықтың барлығы менің жүргізуші болмауым үшін ойластырылғандай. Таң қалып отырмын. Бұл әлгіндегі пысықай «көкелер» мен «дөкейлердің» құйтырқы әрекеті деп топшылаймын. Тоқалдарын тықпалағысы келетін...», - деп жазды Аша Матай.

Айта кетсек, жақында Аша Матайдың аяғы ауыр секілді деген сипатта ақпарат тараған болатын. Оны жолдасы Арман растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары