$ 449.3  489.69  4.89

«Неге бұлай болды екен?»: Тұңғышбай Жаманқұлов Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

«Осы кісіден осындай шығады деп ойламағаным хақ» - Тұңғышбай Жаманқұлов.

Актер Тұңғышбай Жаманқұлов 82 жасқа еліп отау құрған Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Youtube желісіндегі «Қарақатпен шай» бағдарламасында ашық айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Жаманқұлов 45 жас айырмашылығы бар отбасыны сынаудан аулақ екенін жеткізді. Бірақ алғаш естігенде таңғалысын жасыра алмапты. 

 «Қазақта «бөріктінің намысы бір» деген сөз бар. Сол себепті, мен ол кісіні кінәләудан аулақпын.

Содан кейін жүрекке әмір жүрмейді. Махаббат деген сезімнің қай күні келерін бір Алла біледі. Мен ол кісілердің қосылуын жүрек қалауы деп есептегім келеді.

Жүректерінің бір тартылыс күші болды-ау деп ойлағым келеді. Бірақ, кімнің ішіне кім кіріп шыққан? Мен оны кінәлағым келмейді.

Салқын ақылмен жас мәселесін ойлағанда «неге бұлай болды екен?» деген таңғалыс болды.

Оның үстіне Нұрғали ағам өзі тік жүріп, тік сөйлейтін, абайлап жүріп, қадамын нық басатын педант кісі болатын. Ал енді жеке өмірінен бейхабармын.

Жеңгеміздің қайтыс болғанын, бес қызы бар екенін де білмейді екенмін.

Ол сахнада ән айтқанда эмоцияға беріліп, есі шығып кетпей шеттен шықпай айтады ғой. Біз болсақ аттан салып, жағамызды жыртып жатамыз.

Осы кісіден осындай шығады деп ойламағаным хақ. Бірақ, қайталап айтамын - жүрекке әмір жүрмейді», - деді Жаманқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжановтың 82 жасында үйленгенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары