Мәдениет & Шоубиз 21.09.2019 сағат 22:37

Театр әртістерінің орташа жалақысы 231 мың теңге болады

Министрдің айтуынша, келер жылдан мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 40%-ға өседі.
Театр әртістерінің орташа жалақысы 231 мың теңге болады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство басшысы мегаполистегі сала қызметкерлерімен өткен жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы жайлы, онда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жайында айтып берді. 

Министрдің айтуынша, келер жылдан мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 40%-ға өседі. 

"Яғни, театр әртістерінің орташа жалақысы 231 мың теңге, ал, кітапхана, музей және архив қызметкерлерінің еңбекақысы 164 мың теңге болады", - делінген хабарламада. 

Сөз барысында министр қазір еліміздегі ең төменгі жалақы мәдениет қызметкерлерінде екенін атап өтті. Ал, саланың дамуы үшін мамандардың әлеуметтік жағдайы жоғары болғаны маңызды. Сондықтан, ұлттың өнері мен руханиятына еңбек сіңіріп жүрген мәдениет қызметкерлеріне мемлекеттік қолдау арта беретінін жеткізді.

«Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің жағдайын көтеру жоспарымыздың бір тармағы ғана. Қазір әлеуметтік жеңілдіктер мәселесі пысықталып жатыр. Мәдениет және спорт министрлігі меморандумдар әзірлеп, әкімдіктерге жіберді. Оларды орындау үшін әлеуметтік қолдау шараларын, оның ішінде мәдениет және өнер қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуды қамтитын салалық жоспарлар бекітілетін болады. Жастардың тұрғын үй алуы үшін 3 миллион 700 мың теңгенің көлеміндегі бюджеттік несие беріледі», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. 

Зиялы қауым өкілдері президент Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бөлігіне ризашылықтарын жеткізді. Мәдениет саласы қызметкерлерінің міндетті әлеуметтік жеңілдіктерді алу мүмкіндігі білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен теңесетіні «өте орынды және дұрыс қабылданған шешім болды» деген пікірде.

Дереккөз: BAQ.KZ

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар