Осы кезге дейін әлеуметтік мәселелерді ән мәтіндеріне қосып хит әндерді бірге шырқаған «Азия мен «Бақай» топтарының жаңа бейнебаяндары жарыққа шықты, деп хабарлайды Skifnews.
Алғашқыда эстрадада жеке дара өнер көрсетіп жүрген олар соңғы екі жылдың көлемінде бірлесіп қызықты бірнеше туындыларды жарыққа шығарып келеді.
Кеше ғана олар «Neo» әніне түсірілген бейнебаяндарының тұсауын кесті. Шыққанына аз ғана уақыт болса да клипті ютуб желісінде 16 776 адам қараған. Ютуб қолданушылардың бірі шығармашылық үйлесімділік тапқан топтардың жұмысын жоғары бағаласа, ал, енді біреулері «Қуып кеттіңдер!» деп пікірлерін білдіруде.
Мәселен, «Қайта-қайта хит болады деп ойлап жүрсіңдер ме!», «Қуып кеттіңдер, Ерке Есмахан да бітті, общым қуып кеттіңдер», «Опмай-опмайдан кейін қоя салуларың керек еді, бір болмайтын өлеңі бір млн қаралым жинап хит болды деп болмағыр өлеңді жаза бастадың дар, ұйқасы не ритм жоқ», «аяғындағы айғыр сынды дегені типа жарнама ма, препарат алып жыныстық қатынас жаса дегендей үлкендерге және соңында әжелердің билегені ерсі көрсі көрінді», «Не мынау, әндерін натури қуып кетті, тыңдауға обал», «әжелердің көйлектері өте жұқа, сирақтары көрініп тұр», «Осылардың әндері нервыма тиеді, бір ретте таксиге отырсам кредит деген әнін қосып қойған екен, машинадан түскенше асық болдым!», «Мынаны тыңдап мен ұялып отырмын» десе, енді бір көрермендер «осылар ғана мемлекетіміздегі проблемаларды көтеріп жатқан, кредит, 21 мың теңге, пайызсыз үй», «Атың өшкір кредит» деп біраз адамны кредиті жабылып еді» деп жылы лебіздерін білдіріпті.