$ 444.32  473.33  4.76

«Ұялмаймын»: депутат Нұрлан Әлімжанов кинодан да жоғары гонорар алады

Сонымен қатар, ол «Томирис» фильміне түсуге ниетті болғанын, бірақ, сыннан өте алмай қалғанын айтты.
фото: neonomad.kz
фото: neonomad.kz

«Путь лидера» фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған актер, қазіргі таңдағы Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов Қазақстанда актерлар күніне қанша гонорар алатынын айтты, деп xабарлайды Sputnik Казахстан сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz.

Нұрлан Әлімжановтың айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын «Путь лидера» фильмінің әрбір түсірілім күніне 100 доллар гонорар алып отырған. Бұл жобамен түсірілім тобы 5 жылдай жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде Әлімжановтың гонорары 1000 долларға дейін өскен.

«Мен өз қаламақымның мөлшерін айтуға ұялмаймын. Бірақ, айтуға ұялатын актерлар бар. Себебі, олардың қаламақылары аз. Актерлар өз еңбектері үшін жоғары еңбекақы алу керек», - деді Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, ол «Томирис» фильміне түсуге ниетті болғанын, бірақ, сыннан өте алмай қалғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары