$ 494.87  520.65  4.91

«Ауру емеспін деді»: Сиви Махмуди Жанардың өлімінен кейін әлі де күйзеліп жүр

Күндіз-түні мен бір сәтке шығарғым келмейтін. Себебі, ол күйзелісте жүргеннен кейін мен қорқатынмын. Далаға шықса бірдеңе болып қала ма деп.
фото: time.kz
фото: time.kz

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди жақында қайтыс болған құрбысы Жанар Хамитованың өлімінен кейін әлі өз-өзіне келе алмай жүргенін жеткізді. Өнер иесі бұл қаралы хабардан соң күйзеліске түскенін де жасырмады деп жазады «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жақын адамынан айырылған отандық жұлдыз күйзеліске түсіп, одан әлі де шыға алмай жүргенін жеткізді.

«Мен енді көзім ашылып, енді түсініп жатырмын. Жанар енді жоқ. Енді жоқ екеніне көзім жетіп, мойындап жатырмын. Мен әлі толықтай күйзелістен шыққан жоқпын. Айдаладағы халық қайғырып жатқанда, маған тіптен екі есе ауыр тиеді. Себебі, мен ол қызбен бір үйде тұрдым. Бір нанды бөлісіп жедік, бірге жүрдік. Күндіз-түні мен бір сәтке шығарғым келмейтін. Себебі, ол күйзелісте жүргеннен кейін мен қорқатынмын. Далаға шықса бірдеңе болып қала ма деп. Үш балам болса, ол менің төртінші баламдай еді. Түнде бір жаққа шығып кетсе, мен ұйықтай алмайтынмын. Үйден де соңына дейін шығарғым келмеген. Өзі қоймады» , - деді Сиви.

Эстрада жұлдызы өз үйіндегі әрбір зат оған Жанарды есіне салып тұратынын айтты.

«Менімен тұрғаннан кейін болар өзімнің бөлмеме, қай жаққа кірсем де көзіме Жанар келеді. Киімдерім тұратын бөлмеде де көзіме сол қыз келеді. Жанарға қырғын киім әперіп, жағдайын жасағаныммен менің қалаған киімімді киіп жүре беруіне рұқсат беретінмін. Мен алып берген киімдерден бөлек, ұнаса кие бер дейтінмін. Оған шектеу болмайтын, ол менің бауырымдай еді. Менің киімімді алып, киіп кете беретін. Киіп келіп, қайта қойып қоятын. Солай жүретінбіз. Осының барлығын еске ала тұра, киінетін бөлмеме кіргенде жүрегім зу ете қалады. Біртүрлі болып қаламын» , - деді әнші.

Оған қоса, Сиви Махмуди Хамитованы бірнеше мәрте психолог мамандарға жазғанын да жасырмады. Алайда, Жанар түрлі сылтау айтып, барғысы келмеген.

«Мен оны түрлі психологтарға жаздым. Оларға бір сылтаулар тауып, бармай қоятын. Ол жан дүниесінің емі балалары, отбасылық бақыты мен миының тыныштығы екенін алға тартатын. «Мен ауру емеспін, Сиви. Бармайыншы» деп айтатын» , - деді отандық жұлдыз.

Айта кетейік, бұған дейін Сиви Махмуди Хамитова қайтыс болған күні ерекше түс көргенін айтты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сиви Махмуди