$ 448.15  483.46  4.86

«Шайтанның ең күштісі кірген-ау осыған»: атышулы Замира суицид жасамақшы болған (ВИДЕО)

Әжесінің жеті атасынан қалған Құран кітапты басына қойып ұйықтаса да, ешнәрсе оған көмектесе алмапты.

Атышулы Замира Сұлтан кейінгі кезде өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оны әлдебіреулер ұйықтатпай, қылқындырады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қалаулым сен» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Мені емдейтін апа бар. Қызымды, ұлымды емдеді. Соған барғанда ем жазып берді. Өз-өзіме қол жұмсағаннан кейін екі апта ұйықтамадым. Ұйықтасам, шайтандар қылқындырады. Терезе-есікті жапсам, неге жаптың дегендей. Неше түрлі жағдайлар болды. Біресе апам, біресе апам қасымда отырады. Күндіз ғана ұйықтайтынмын. Өйткені түнде маза бермейді», – дейді. 

Әжесінің жеті атасынан қалған Құран кітапты басына қойып ұйықтаса да, ешнәрсе оған көмектесе алмапты. Айтуынша, кейіннен Замираны орыс әже емдей алған. 

Сұхбатты тамашалағандар түрлі пікір қалдырып жатыр. Көбі оны арсыз істеріне тыйым керектігін ескертіп жатыр деп түсіндіреді. 

"Шайтанның ең күштісі кірген-ау осыған", "Замира тәубеге кел, сонда бәрі жақсы болады", "Беті ашылып кеткен, ұялу деген нөл", "Бұл адам болмайды", "Құдай сақтасын!", - деп жазды желі қолданушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары